Әлихан Смайылов қыста қай өңірлерде жылуға қатысты мәселе туындауы мүмкін екенін атады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қай өңірлерде қыста жылуға байланысты мәселе туындауы мүмкін екенін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Үкімет басшысы проблемаларды шешу үшін Қазақмыс, Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы, АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшыларымен және иелерімен кездесу қажет екенін айтты."Жылыту маусымының басталуына 1 айдан аса уақыт қалды. Жылу дер кезінде берілуін  қамтамасыз ету керек. Жүйелік оператор KEGOC компаниясы жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарының кестесін бекітті. Алайда кейбір өңірлерде бұл кестеден кешігу байқалып отыр. Кей жағдайларда жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру фактілері болып жатыр. Сондықтан қыс уақытында осы нысандардың тұрақты жұмысында тәуекелдер туындауы мүмкін. Мәселен, Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы тәуекел аймағында екенін атап өткен жөн", - деді Әлихан Смайылов.Премьер-министр осы мәселеге байланысты дайындықты күшейтуді тапсырды.Еске салайық, былтыр 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал 1 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
"Ордабасы" португалиялық шабуылшыға қыруар қаражат жұмсауға дайын
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді