Әлихан Смайылов шахтадағы өрттен зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді.Бірінші кезекте Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндауынша 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспасы тұтанған. Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13:50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады. Құтқару жұмыстары барысында сағат 17:20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08:10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қолжетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған.Қазіргі уақытта шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің хабарлауынша апат салдарынан 13 адам зардап шеккен. Олардың тоғызы улы газдармен уланып, оның ішінде ауыр дәрежеде иіс тиіп, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде екі шахтер жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Науқастардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде, тұрақты. Есін біледі. Тағы төрт адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр «Қазақстан» шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Әлихан Смайылов тиісті шешімдер қабылдау үшін ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жүргізіліп жатқан өнеркәсіп және экологиялық аудиттерді жедел аяқтауды талап етті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)