Әлихан Смайылов Шанхайдағы 6-шы халықаралық импорт көрмесін аралады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шанхайдағы Қытайдың 6-шы халықаралық импорт көрмесіне (ҚХИК) қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірге, онда ұсынылған Ұлттық павильондармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ұлттық павильон шеңберінде Қазақстан ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, экспорт және инновация салаларындағы компаниялар мен жобалар арқылы кең ауқымды келушілерге өзінің инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырады. Австралия, Қытай, Куба және Сербия үкіметтерінің басшылары бар құрметті қонақтарға республиканың астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлер таныстырылды. «Бүгінде еліміз бен ҚХР арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылды, бұл АӨК тауарларын Қытайға жеткізуді едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте Қазақстан Қытай нарығына экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майы мен күнжара бойынша экспорттық әлеует $300 млн-ды құрайды», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ұлттық павильонның тұсаукесері барысында. Оның айтуынша, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ірі қара, қой және құс етін өндірушілердің мүмкіндіктері зор. Қазақстан мен Қытай арасында сауда логистикасы да табысты дамып келеді. Бүгінде теміржол және автокөлік жолдарын, авиацияны қамтитын маршруттық желі құрылды. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жол дәлізі жүктерді Еуропаға 10-12 күнде жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық маңызы бар көлік-логистикалық торапқа айналу үшін елеулі күш-жігер жұмсауда. 2014 жылдан бері Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлесіп құрылған логистикалық терминал жұмыс істейді. 2023 жылдың мамыр айында Сиань құрғақ портында қазақстандық терминалдың құрылысы басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды