Астанада баласына алимент төлемеген борышкер әкелердің көліктері айыппұл тұрағына қойылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанада 4-14 наурыз аралығында қалалық әділет департаменті, Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы мәжбүрлеп алимент төлете бастады. Олар полииця департаментімен бірге "Борышкер" рейдтік шарасын өткізіп жатыр. Нәтижесінде күні бүгінге жалпы сомасы 23 075 219 теңге алименттік берешектері бар борышкерлердің 10 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды. Жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіледі", - дейді ведомство.Жыл басынан бері алимент төлемеген 38 борышкерге айыппұл салынды. Ал төлеуден әдейі бас тартқаны екі әке қылмыстық жауапқа тартылды.