Алимент төлемейтіндер қай өңірде көп?

Қазақстанда алимент сомасы отбасындағы бала санына қарай тағайындалады. Ата-ана ажырасқан жағдайда балаларға тәрбие-білім беру, асырау және алимент төлеу мәселесін сотқа жеткізбей-ақ өзара шешуге құқылы. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. «Неке және отбасы» кодексі қағидаттарының бірі, балалардың құқығы мен мүддесін қорғау. Кодекстің 138-бабына сәйкес, ата-ана кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Ата-аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған балаларына тәрбие-білім беру, асырау және алимент төлеу бойынша өзара келісім жасасуға құқылы. Аталған кодекстің 139-бабына сәйкес сот кәмелет жасына толмаған балалардың алиментін ата-анасының ай сайынғы табысынан бір бала болса, төрттен бір бөлігі, екі балаға үштен бір бөлігі, үш және одан да көп балаға жалақының жартысы мөлшерінде өндіріп алады», - делінген агенттіктің ресми сауалына Әділет министрлігі берген жауапта. Сондай-ақ министрлік қай өңірлерде алиментті уақытылы төлемейтіндер көп екенін мәлім етті. «Проблемалы алименттердің ең көп саны – Астана қаласында. Атап айтқанда, төленбеген алимент туралы 2 803 құжат бар. Одан әрі Алматы қаласы – 1 699, Жамбыл облысы – 1 402, Қарағанды облысы – 1 213 және Түркістан облысы 1 132 құжат», - делінген ведомство ақпаратында. Еске салайық, бұған дейін алимент төлемеген қанша қазақстандық шетелге шыға алмай жүргенін жазған едік. Сондай-ақ жұмыссыз борышкерден алиментті өндіріп алу қалай жүргізілетінін айттық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Алтын сақа» орталығына барды
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан