«Алиса» енді қазақ тілінде сөйлейді

Астана қаласында «Яндекс. Алиса» дауыстық көмекшісінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки компанияның Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға қосып отырған үлесі үшін «Яндекс Казақстан» өкілдеріне алғысын білдірді. Бұл жоба осы жылдың қараша айында ғана іске қосылды, соған қарамастан «Яндекс.Алиса» сервисіне әр бесінші пәрмен қазақ тілінде берілуде. Дауыстық көмекші қоғамымыздағы тілдік жағдайға оң әсер ететініне және инклюзия мәселелерін шешуге көмектесетініне сенімдімін, - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки. Қазақстандағы «Іздеу» сервисін дамыту бойынша директор Александр Поповский дауыстық көмекшінің мүмкіндіктері жайлы айта келіп, «Яндекс Қазақстан» қолданушылардың өмір сапасын жақсартуға, елімізде цифрлық ортаны дамытуға бағытталған қызметтерін бұдан әрі де қазақ тілінде жетілдіретінін жеткізді. Бүгінде компанияның «Яндекс. Аудармашы», «Яндекс. Навигатор», «Алиса орнатылған Яндекс браузері» (видеоны дыбыстау және субтитрлеу), «Яндекс. Іздеу» тәрізді көптеген қызметтері қазақ тілінде қолжетімді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр