Желіге танымал әнші Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов асүйден анасының алжапқышпен ыдыс жуып жүрген видеосын жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.Онда Әли: "Все суп приговорен. Мантыға енді орын қалмай қалды. Мамам бірдеңе жинап жатыр. Мынау Зекеннің фирменный креслосы. Не үшін фирменный екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ ол -сиқыры бар кресло. Енді тағы бір-бір шайдан и дальше на работу",- деп видео жазба қалдырған. Желі қолданушылары болса: "Үлгілі ана, мейірімді апа, балалары өте тәрбиелі, білімді", "Ауылдан шыққан қарапайым қазақтың қызы","Елге үлгі боларлық жан", "Асханада кәдімгі қарапайым әйел екен ғой", "Аллам Роза ханымға ұзақ ғұмыр берсін, өзіне сондай жарасады", "Махаббат пен мейірімге толы әйел",- деп ойларын ортаға салды.