"Алла маған бір адамдай бақ берді": 45 жыл мемлекеттік қызметте болған Бердібек Сапарбаев эксклюзив сұқбат берді

"Алла маған бір адамдай бақ берді": 45 жыл мемлекеттік қызметте болған Бердібек Сапарбаев эксклюзив сұқбат берді

Кезінде еңбек министрі, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан секілді бес бірдей облыстың әкімі болып, елдің ықыласына бөленген Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметтен кетсе де, аттан түскен жоқ. Ұзақ жылғы қызметінде "іскер әкім", "саяси менеджер" атанған тұлға KAZ.NUR.KZ тілшісіне эксклюзив сұқбат берді.– Сіз магистранттар мен докторанттарға дәріс беріп жүр екенсіз. Әңгімемізді қазіргі жұмысыңыздан бастасақ... Лекцияға қатысушыларды қандай сұрақтар қызықтырады?– Жастармен тығыз байланыста болып, оқу орнында сабақ беруді бұрыннан армандадым. Мемлекеттік қызметте жүргенде сол өңірдегі университеттерде дәріс оқыдым. Ол маған өте ұнайды. Жастармен араласу, пікірлесу, кездесу мен үшін ғанибет. Жастардың ойы қызықтырады. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастарға лекция оқимын. Олардың дені - жұмысын аудан, облыстық деңгейде бастаған мемлекеттік қызметкерлер. Аптасына 1-2 рет кездесемін. Жастар көбіне "қиындықтардан қалай шықтыңыз" деген сұрақ қояды. Ел егемендігін алған кездегі әлеуметтік сұрақтарды шешу, жарық, жылу мәселесі, Аралдағы пойызды тоқтатқан оқиға бар. Соларды "қалай шештіңіз" деген сұрақтар оларға әлі де қызық. Қызылорда облысын сақтап қалу, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында болған жұмыстар, зейнетақы, жәрдемақы, жалақыға байланысты миллиардтаған қарыздың болуы. Солардан шығу жолын сұрайды. Жастарды толғандыратын сұрақтың бірі – тексерудің көбеюі, қазіргі болып жатқан саяси- экономикалық өзгерістерді қалай қабылдап жатқанымыз. Дүние жүзінде болып жатқан экономикалық, саяси дағдарыстардың Қазақстанға әсері секілді барлық сұрақ талқыланады.– Сіз танымал саясаткерсіз. Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісінде шетелдік инвесторлардың үлесі көп екені рас. Халық арасында ара-тұра болып тұратын наразылыққа қарағанда инвесторлардың ығына жығылып кеткен жоқпыз ба? Бізде ел мүддесін жоғары қоюдан гөрі инвесторларға көп еркіндік беріліп жатқан жоқ па?– Инвестор мен мемлекеттік орган арасындағы келісімшарттың дұрыс орындалуына министрліктер тиісті бақылау жасауы қажет. Инвестор экономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуі керек. Оның барлығы жазылады, міндеттеме алады. Бірақ бақылау болмағаннан кейін кемшіліктер бар. Жер қойнауын пайдалану жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Мамандарды оқытып, дайындау керек. 2008 жылы Жезқазған қаласында бірінші рет үлкен форум өтті. Үкімет кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үлкен компаниялармен келісімшартқа отырды. Сол кезде мен еңбек министрі болдым. Өкінішке қарай, сол жоба кейінгі кезде нашарлап қалды. Тиісті министрліктер мен әкімшіліктердің тарапынан бақылау нашар. Бұл жерде әкімшілік те жұмыс істеуі керек. Себебі әлеуметтік мәселелер мен сандардың барлығы жергілікті жерде. Әкім оған мүдделі болуы керек.– "Қазақ – жалқау" деген сөз жиі айтылады. Қазір бұл сөз бұқараның да ашуына тие бастаған секілді. Бұл тіркесті қалай жоққа шығара аламыз?– Әрине басқа ұлттармен салыстыратын болсақ, әсіресе көршілермен: олар жерді қалай пайдаланады, қалай еңбек етеді, еңбектеген баласынан еңкейген ақсақалға дейін шаруаға бейім. Өзін-өзі асырау, масыл болмау деген сұрақтар бізде әлі де бар. "Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей" деп Абай атамыз бекер айтпаған. Еңбек ету керек. Қазір барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай мамандықтарды игеруге тиіспіз. Бизнес бастауды үйретуді тегін оқытады, стипендиясы бар. Кейін жеңілдетілген несие береді. Соның бәрін пайдалануымыз керек. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардан көп үлгі алуымыз керек. Ақтөбеде Құралай Байменова қарындасымыз арбаға таңылса да, қаншама адамды жанына топтастырып, тағдырластарына көмектесіп жүр. Арбадағы Шахан Жолдасбаевтың пандус жасап жүрген жұмысы - үлгі ғой. Жамбыл облысында екі қолы жоқ Анар деген кісі бар. Аяғымен іс тігіп, көрпе дайындайды. Оларды көбірек насихаттап халыққа айтуға тиіспіз. 12 мүшесі сау адам жұмыс істеуі керек. Мемлекет тарапынан жасалған көмекті пайдалануға тиіспіз. Сол кезде жалқау деген сөз болмайды.– "Біз бөлінбейміз, бәріміз бір Қазақстанда тұрамыз" деп айтқанымызбен ел ішінде ондай ой қылаң беріп тұрады. Қарапайым байқаулардың өзінде жершілдікке салынып жатамыз. Саясатта да солай. Осындай жершілдік кесірінен нағыз қажетті кадрларды жоғалтып жатқан жоқпыз ба?– Әрине, әркім өз тегін білуі тиіс, бірақ руға бөліну дұрыс емес. Руға бөліну халықты неге әкелетінін ұғынуымыз керек. Біз бір болуға тиіспіз. Әсіресе, осындай экономикалық-саяси дағдарыс кезінде бір болу маңызды. Кадр мәселесінде оны туған жеріне, туысқанына қарап алмау керек. Біліктілігі мен қабілеті бірінші орында тұруға тиіс. Министрлер мен әкімдер осы принциппен жұмыс істейтін болса, бөліну болмайды. Мен қай өңірде болмасын жергілікті адамдарды тартуға тырыстым. Олар жергілікті жерді біледі, халықты таниды, оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін біледі деген қағиданы ұстандым.– Қызметте жүргенде сенбі, жексенбі күні де жұмыста болдыңыз, зейнетке шыққан соң жоғары жылдамдықты күн тәртібін бірден тоқтату қиын болған жоқ па? – Қазір 45 жыл мемлекеттік қызметте болған кездегі режим, талап пен жауапкершіліктің өзгергендігі рас. Ол кезде таңертеңнен кешке дейін демалыссыз жұмыс істеуге, жауапкершілік алуға, шешілмей жатқан шаруалардың шешімін іздеп үйренген адаммын. Әліде қоғамдық жұмыстарды жалғастырамын деп ойлаймын. Бәріне ризамын. Алла маған бір адамдай бақ берді, сол бақтың арқасында 45 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Осы кезге дейін халықтың қолдап, әлеуметтік желіде жазып, көшеде кездескенде "сіз бізде қызмет еткенсіз" деп айтып жатады. – Балаңыз Астана қаласының тазалығына жауапты. Сізден кеңес ала ма?– Менің балам да адам. Оның өз отбасы бар. Мемлекет дамуына үлес қоссам деп жүр. Қазір Астана қаласының әкімдігінде жұмыс істейді. Әрине балам болғаннан кейін оған ақылымды айтып, кеңес беремін. Ең бірінші адал жұмыс істеу керегін, ел мүддесін жоғары қоюды, халық алдында кіші болуды айтып отырамын. Ізімді жалғастырушы жалғыз ұлымнан адами қасиеттен айрылмауды сұраймын. (Жалғасы бар)  

Жаңаөзенде жол апатынан екі бала қаза тапты
Жаңаөзенде жол апатынан екі бала қаза тапты
  • el.kz
Риддер тұрғындары да жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Риддер тұрғындары да жаңа жұмыс кестесіне ауысты
  • Massaget
Наурызнама онкүндігі басталды
Наурызнама онкүндігі басталды
  • el.kz
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
  • aqshamnews
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
  • aqshamnews
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы  уақытша тегін болады
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы уақытша тегін болады
  • aqshamnews
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
  • aqshamnews
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
  • aqshamnews
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады
  • alash.kz
Наурыз көженің әртүрлі дайындалу тәсілдері
Наурыз көженің әртүрлі дайындалу тәсілдері
  • alash.kz
Өнердің дидарына дақ түсірмеген дарын...
Өнердің дидарына дақ түсірмеген дарын...
  • aqshamnews
Айдан аман, жылдан есен болайық!
Айдан аман, жылдан есен болайық!
  • aqshamnews
Бояу алып, қоршауыңды боя!
Бояу алып, қоршауыңды боя!
  • aqshamnews
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
  • alash.kz
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
  • alash.kz
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
  • el.kz
Дастарханды тез әрі әдемі жайюдың 3 құпиясы
Дастарханды тез әрі әдемі жайюдың 3 құпиясы
  • Massaget
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр
  • turkystan
«Ысырапшылдық күнәға жетелейді»: Діни басқарма ауызашар жасағанда ескеру керек нәрсені айтты
«Ысырапшылдық күнәға жетелейді»: Діни басқарма ауызашар жасағанда ескеру керек нәрсені айтты
  • sn.kz
Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды
Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды
  • Massaget
Депутат фонограммаға тыйым болса, Димаш сияқты таланттар көбейетінін айтты
Депутат фонограммаға тыйым болса, Димаш сияқты таланттар көбейетінін айтты
  • baq.kz
Адам өлтірген, тонау, бопсалау: соңғы екі айда іздеуде жүрген 300-ден аса адам ұсталды
Адам өлтірген, тонау, бопсалау: соңғы екі айда іздеуде жүрген 300-ден аса адам ұсталды
  • azattyq-ruhy
Ұлтын сүйген ұлы жүрек
Ұлтын сүйген ұлы жүрек
  • turkystan
Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 600-ден астам нысан бейімделген
Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 600-ден астам нысан бейімделген
  • el.kz
PGL Astana: Казахстан становится центром мирового киберспорта
PGL Astana: Казахстан становится центром мирового киберспорта
  • Smi24
Қазақстандық алты боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық алты боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
  • el.kz
Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
  • bassport.kz
Ресейдегі қазақ боксшы Салтанат Меденова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Ресейдегі қазақ боксшы Салтанат Меденова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен басып, бір аяғынан айырды (ВИДЕО)
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен басып, бір аяғынан айырды (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
АҚШ-та жолаушылар ұшағы жанып, 20 адам ауруханаға түскен
АҚШ-та жолаушылар ұшағы жанып, 20 адам ауруханаға түскен
  • azattyq-ruhy
"Оны қорада ұстап, ұрып-соғып жатыр": Қазақстан азаматшасы Камбоджада тұтқында отыр
"Оны қорада ұстап, ұрып-соғып жатыр": Қазақстан азаматшасы Камбоджада тұтқында отыр
  • qaz365.kz
Құлсарыда қар суынан үйлердің қабырғасы жарылып, сызат түсіп жатыр
Құлсарыда қар суынан үйлердің қабырғасы жарылып, сызат түсіп жатыр
  • qaz365.kz
Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
  • TengriNews
Тоқев халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады
Тоқев халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады
  • TengriNews
Ұлттық ұланның 400-ден астам әскери қызметшісінің құқықтары бұзылған
Ұлттық ұланның 400-ден астам әскери қызметшісінің құқықтары бұзылған
  • qaz365.kz
Тоқаев Presight.AI басшысын қабылдады. Ол Астанадағы “Сергекті“ алмастырады
Тоқаев Presight.AI басшысын қабылдады. Ол Астанадағы “Сергекті“ алмастырады
  • TengriNews
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты
  • TengriNews
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
  • baq.kz
Азаматтарға құқықтық кеңес бере алатын чат-бот әзірленді
Азаматтарға құқықтық кеңес бере алатын чат-бот әзірленді
  • baq.kz
Қытай жасанды интеллектіні физикалық жүйелермен біріктіруді күшейтпек
Қытай жасанды интеллектіні физикалық жүйелермен біріктіруді күшейтпек
  • baq.kz
«Жүрегімнің сыздағаны-ай»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновты еске алып, көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)
«Жүрегімнің сыздағаны-ай»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновты еске алып, көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көп балалы ана болғысы келетінін айтты
«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көп балалы ана болғысы келетінін айтты
  • sn.kz
Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев
Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • qaz365.kz
14 наурыз – Көрісу күні
14 наурыз – Көрісу күні
  • el.kz
Ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы нені білу қажет
Ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы нені білу қажет
  • almaty_tv
Амал мерекесі — береке мен ынтымақтың бастауы
Амал мерекесі — береке мен ынтымақтың бастауы
  • Otyrar
Шымкенттік МХҚКО-ларында жеке менеджер сервисі енгізілді
Шымкенттік МХҚКО-ларында жеке менеджер сервисі енгізілді
  • Otyrar
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
  • Otyrar