Аллергияға шалдыққан шымкенттік тұрғынның терісі толықтай іріңдеп кетті

Шымкенттік дәрігерлер аллергияның ауыр түріне шалдыққан науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Kazinform.Шымкент қалалық №2 ауруханаға 54 жастағы науқас жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты дәрігерлер пациентті бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Науқас денесінің барлық жерінде іріңді бөртпелердің бар екенін айтып, денесі қызғанын, басы ауырып, айналатынына және құсатынына шағымданған. Әйелдің айтуынша осы белгілер 5 күн бойы мазасын алған. «Науқас қазіргі халін тамақпен немесе шаң-тозаңмен байланыстырмайды. Бірақ, өз бетінше қытайлық дәрігердің қабылдауында болып, әртүрлі шөптік тұнбалар қабылдаған, жақпа майлар қолданған. Емінің төртінші күнінде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған. Келген кезде жағдайы өте ауыр, терісінің 90 пайызы зақымдалған болатын. Терісі күйік шалған секілді бөртіп қызарған, кей жерлерін іріңді бөртпе басқан. Беті, көзі, қолдары ісінген», – дейді емдеуші дәрігері Жанат Төлебайқызы. Науқасқа жансақтау бөлімінде 2 апта бойы ем жасалды. 3 сеанс гемофильтрация арқылы қаны тазартылды. Ал, жағдайы қалыпқа түскен соң палатаға ауыстырылып, қабынуға және интоксикацияға қарсы десенсибилизация ем қабылдады. Нәтижесінде жағдайы жақсарып, терісі толық қалпына келді. Дертінен сауыққан науқасты медицина мамандары бүгін үйіне шығарып салды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды