Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.Алмасадам Майданұлы 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған. 1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды. 2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды. 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2012-2018 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы. 2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы. 2023 жылдың 4 сәуірінен бері — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.