Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Алматы – Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды.Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.Еске салайық, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 2339.