Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

 Алматы әуежайы жаңа халықаралық терминалдың ашылуына байланысты жолаушыларға үндеу жасады."Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылдың 1 маусымында жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы қонақтарды қарсы алатынын қуана хабарлайды", - деп жазылған  баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Барлық халықаралық рейстер жаңа терминалға толық ауыстырылғаннан кейін ескі терминал ішкі рейстер үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, қолданыстағы терминалдың халықаралық стандарттарға толық сәйкес болуы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалы бойынша жобаға 200 млн. доллардан астам инвестиция салынды. Терминалдың қолданыстағы ғимаратына және әуежайдың инфрақұрылымын дамытуға алдағы уақытта көп инвестициялар тарту жоспарланып отыр. Барлық халықаралық рейстер жаңа терминалға ауыстырылысымен ағымдағы терминалды жөндеу жұмыстары басталады. Әуежайдың жаңа терминалы Орталық Азияда "Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE)" бағдарламасы бойынша сертификатталған бірінші терминал болады. Құрылыста Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұсынымдарына сәйкес жоғары сапалы оқшаулау материалдарын, су үнемдеу жабдықтарын және парниктік газдар шығарындыларын, шуды, жарықты, қалдықтарды және ауаның ластануын төмендетудің озық әдістерін пайдалану есебінен ресурс тиімділігі бөлігінде халықаралық тәжірибе пайдаланылды. Жаңа терминалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін әр қабатта ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдайлар, балаларға арналған ойын алаңы, сондай-ақ демалыс бөлмелері, со-working аймағы, VR бөлме, үй жануарларына арналған дәретхана сияқты қосымша жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар, жақында жаңа терминалда Қазақстан авиациясының мұражайы ашылатын болады. Жаңа терминал ескімен жер үсті өткелі арқылы қосылған. Жаңа үй-жай жолаушыларға ішкі және халықаралық рейстерден ғимараттан шықпастан ауысып отыру үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жолаушыларды қазіргі заманғы және ыңғайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін шекаралық қызмет желісі бойынша жаңа терминалда ұшып кету аймағында 20 кабина, ұшып келу аймағында 32 кабина, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұшып кету-ұшып келу аймағында автоматтандырылған өткізу жүйесі бойынша 4 бірлік жабдық, 4 багаж таспасы, жолаушылардың ыңғайлы навигациясы үшін инфокиоскалар орнатылған. Жаңа терминалдың телескопиялық траптары борттың көлеміне байланысты бір мезгілде жеті ұшаққа дейін қабылдай алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
Түркиялық компаниялар Құрық портының жанында кеме жасайтын зауыт салады
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин