"Әзірбайжан әуежолдары" авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады. "Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады", - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.