Алматы халқы Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсімі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті.Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, академик қазасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдаған. Көңіл айту хатын Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов оқыды. Көңіл айту хатында Төрегелді Шарманұлы саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі болғаны атап өтілген. Сондай ақ, қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, дүниежүзі ұйымы ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді, –делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.Қаралы жиынға Үкімет мүшелері, қала әкімі, Парламент депу­таттары мен қоғам қайраткерлері, Төрегелді Шармановтың туған-туыстары қатысты. Жиналған жұрт 94 жасқа қараған шағында өмірден озған академиктің саналы ғұмырында ел дамуына қосқан үлесін, қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетін еске алып, жақын-жуығына көңіл айтты. Төрегелді Шарманов Кеңсай зиратына жерленді.Төрегелді Шарманов 1971-1982 жылдары Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігіне жетекшілік еткен. Оның бастамасымен 1978 жылы Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және ЮНИСЕФ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша халықаралық конференция өтті, онда әлемдік денсаулық сақтау саласындағы негізгі құжаттардың бірі Алматы декларациясы қабылданды.1973 жылы Шарманов КСРО Тағамтану институтының медицина ғылымдары академиясының Қазақ бөлімшесіне жұмысқа орналасқан. Кейін бұл Қазақ тағамтану академиясы болып аталды. Төрегелді Шарманов Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаған. 2005 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін ДДСҰ-ның Леон Бернард атындағы халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Андрей Ульшин «Тобылға» ауысты
Жоғарғы сот: Жерді пайдалану конкурсын өткізгенде заң бұзылған
Автожолдардағы ауа райы қандай екені белгілі болды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды