Алматыда хостелде болған өрттен қаза тапқан 13 адамның барлығының жеке басы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Хостелде болған өрттен қаза тапқандардың жеке бастары анықталды”, – делінген полиция дерегінде. Олардың тоғызы Қазақстан азаматы, екеуі Ресей азаматы және екеуі Өзбекстанның азаматы. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.