Алматы қалалық кардиология орталығының хирургтері ерекше операцияны меңгерді, деп хабарлайды 24KZ. Олар алғаш рет жүректің Гис будасының сол аяғына электродтар орнатты. Шеберлік дәрісін танымал польшалық кардиохирург Яцек Гайек өткізді. Профессор Гайек 5 науқасқа операция жасады. Бұл әдіс стандартты емдеу тиімділігі төмен болған жағдайда жүректің жұмысын жақсартуға бағытталған. «Әсіресе брадикардия, кардиомиопатия және жүрек жеткіліксіздігімен ауырған қарт науқастарға тиімді», – дейді профессор.Электрод арқылы жүректің қағысы да реттеледі. Яцек Гайек, Вроцлав медициналық университетінің профессоры: - Жүректің қағысын қалыпқа келтіретін бұл әдіс пациенттер үшін пайдалы. Ол жүректің жұмысына физиологиялық тұрғыда ұқсас келеді. Біз мұндай операцияны 2014 жылдан бері жасап келеміз. Науқастардың 78%-і осындай ем алып отыр. Мен өткізген шеберлік сабағы қазақстандық дәрігерлер үшін пайдалы болды деп ойлаймын.