Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 17:02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8 MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.