Алматы облысы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары лай су ішіп отыр

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары лай, әрі дәмі қи татитын су ішуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, құбырлар ескі. 70 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ал оны қашан ауыстырады деген көпшіліктің сұрағына әкімдік күнде ертеңмен тойдырған көрінеді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Мөлдір Жақан тарқатып айтады.Тұрғындар шүмектен ағатын лай, қи татитын суды қайнатып, өздері тазартып ішіп жүр. Оның өзі кешкі 4-те беріліп, 2-3 сағаттан кейін қайта тоқтап қалады дейді. Нұргүл ЖОЛЫМБЕКОВА, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сарғыш су келді. Тура қидың түсі. Бала шағамен сол суды ішіп отырмыз. 1959 жылы салынған су құбырлары күнара жарылатын көрінеді. Сөйтіп, ауыл халқына саз-балшық, қи аралас лас су келеді. Мейрамгүл ДІНІСТАНОВА, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қыстай ауырып шықтым, судікі значит. Ауырамыз-ауырамыз. Әкім жылда айтады ауыстырамыз деп құбырларды, мен оған сенбеймін. Ал ауылдағы кейбір үйлер тіпті бұл суға да жете алмай отыр. Ол аумаққа құбыр да жүргізілмеген. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Ауыз суға зәру болған Ащыбұлақ ауылының халқы ауыз суды осындай құдықтан күн сайын бөтелкелеп алып, ішеді. Мұндағы судың да таза екендігіне күмән бар. Қарап тұрсаңыздар, айнала қоқысқа толы. Дегенмен, дәл қазір халықта бұдан басқа амал жоқ. Гүлжархан ӘБДІМАНАП, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің күніміз мынау. Бізде су жоқ. Кешке дейін есек арбамен су тасимын. Қыс бойы осы. Есек тайғанайды, жығыламыз. Мұрнымыз қанайды, барамыз. Аудан әкімдігінің өкілдері «барлығы қаражатқа кеп тіреледі» деп ақталады. Дегенмен, биыл су құбырларын жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді. Дәурен МӘЛІБЕКОВ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 300 млн ақша бөлінді жергілікті бюджеттен. Екі кезеңде салынады құрылыс жұмыстары. Қазіргі кезде конкурсқа хабарландыру беруге құжаттар дайындалуда. Мердігерлер анықталғаннан кейін жұмыстар басталады. Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, су құбырларын жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталады. Олар 3000-нан астам халқы бар Ащыбұлақ ауылының әр үй толық таза ауыз суымен қамтамасыз етіледі деп уәде берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды (ВИДЕО)
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды