Алматы облысы Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үйлерде білім алып жатыр

Алматының іргесіндегі Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үй ғимаратында білім алып жатыр. Өйткені елдімекенде мектеп жоқ. Бұл мәселені шешу үшін биыл мұнда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Бүгін партия мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында іске асып жатқан осы және Қарасай ауданындағы басқа да нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Долан ауылындағы 70 орындық жалғыз бастауыш мектеп былтыр апатты деп танылып, жабылып қалған. Содан бері 202 оқушы жеке тұрғын үйлердің қуықтай бөлмелерінде үш ауысыммен білім алуға мәжбүр. Ал жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқиды. Қаныбек АЙТЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Енді осы мектеп салынғаннан кейін түбегейлі осы жердегі мәселе шешіледі. Ауданда бізде 8 мектеп бүгінгі таңда үш ауысымдық. Және осы үш ауысымдықты жою бойынша ауданымызда үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2023-2024 жылдары 10 мектеп салынады деп жоспарлап отырмыз. «Доландағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында аяқталады деп сендірді» мердігерлер. Бұл -«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан заманауи білім ордасы. Қасым РАХИМБЕКОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ: Бұл жобаны көктемде әзірледік. Құрылыс - монтаждау жұмыстары тамыз айында басталды. Біз сапаға аса қатты мән береміз. Мәселен, мұндағы топырақ борпылдақ. Қазір оны тығыздап жатырмыз. Сонда салынып жатқан ғимарат уақыт өте шөгіп қалмайды. Нысанды мерзімінен кешіктірмей тапсырамыз деп сенеміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды