Алматы облысы Қарасай ауданында темірдей тәртіпке үйретіп, отансүйгіштікке баулитын Кадет корпусы ашылды. Әскери мектепке қазақ сыныптары бесіншіден, ал орыс сыныптары сегізіншіден қабылданады. Басты талап, денсаулығында кінәрат болмауы керек, оқуда озат болуы тиіс. Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ: Бұл Виссарион Белинский атына берілген орта мектеп сонау 1867 жылы құрылған. Сұрапыл +соғыс басталғанда дәл осы ескерткіш тұрған қақпадан мектептің 6 түлегі Отанын қорғауға аттанады. Сол батырлардың құрметіне отансүйгіштікке тәрбиелейтін кадеттік корпус алдағы оқу жылынан бастап өз жұмысын бастамақ. Кадеттік сыныптың біріне полиция полковнигі Арыстанбек Кисықовтың, екіншісіне ерлікпен қаза тапқан Айбын орденінің иегері полиция капитаны Виктор Ивановтың есімі берілді. Оқушылар әскери өмірдің қыр-сырын жаңа оқу жылынан бастап меңгеретін болады. Тұрсын САЙБЫРОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Біз біздің мектебімізде Қарасай ауданында тұңғыш рет кадеттік корпус ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Келешекте осы мектептен керемет керемет офицерлер ел намысын қорғайтын отан қорғаушылар шығады деген сенімдеміз. 2 тілде білім беретін кадеттік сыныптарда білімге құштар, Физикалық тұрғыдан мықты, денсаулығы мығым оқушылар білім ала алады. Ердәулет МҰХАММЕДРАХЫМ, КАДЕТ: Мен деген кішкентай кезімнен полиция қызметкер болуды армандағам. Сол себепті осы кадет сыныбына келіп тұрмын. Мен болашақта елімді қорғағым келеді және өзімнің елімді тәуелсіз қылып сақтаймын. Кадет сыныптарындығы оқушылар түске дейін сабақ оқып, түстен кейін әскери саптық, спорттық дайындықтарын пысықтайды. Ал мектепті бітірген түлектерге арнайы сертификат беріп, әскери жоғары оқу орындарына түсетін болса, жеңілдік пен гранттар қарастырылған.