Алматы облысы Қызылшарық ауылында 9 көшенің тұрғындары жол азабын тартып отыр

Алматы облысының Қызылшарық ауылындағы 9 көшенің 500 тұрғыны бірнеше жылдан бері жол мен ауыз су азабын тартып келеді. Жауын жауса, көшемен адам түгілі көлік әрең жүреді. Ал жедел жәрдем мүлдем келмейтін көрінеді. Халық бұл мәселелерді айтып, құзырлыларға талай шағымданған. Бірақ, ешкім құлақ аспаған.Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Көшелердің бірде-бірінде жол жоқ. Халық ауыз суға да жарымай отыр. Бұл мәселелердің шешілмей келе жатқанына биыл он бес жыл. Қара балшықтан бес қадам аяқ алып жүрудің өзі мұң. Ал мұндағы халықтың күнделікті кешкен күйі осы. Жақында 11 жасар бала балшықтан тайып, аяғын сындырып алыпты. Оны ауруханаға жеткізу де оңай болмаған. Әлімғазы САҒЫМБЕК, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Баламның аяғы сынып жатқанда мен таксишілерге звондадым. Таксишілер «қай жердесің» дейді, 33-теміз десек, «жоқ біз бара алмаймыз, балаңды осы жерге алып кел» дейді. Анау машина баратын жерге иығыма асып алып баламды алып шықтым. Апарып баламның аяғын таңдырып келдім. Қазір балам үйде жатыр, сабаққа бармағалы 20 күн болды. Бұл ауылдың шетіндегі 33 гектар жер болғандықтан, тұрғындар өзара 33 деп атап кеткен. 100-ге жуық отбасы түтін түтетіп отыр. Жолдың жоқтығы тұрғындарды әбден титықтатқан. Балалар мектепке жеткенше үш аяқ киім, екі мектеп формасын ауыстыратын көрінеді. Өміржан РАИСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Менің алты балам бар. Кей күндері сабаққа бара алмай қалды. Мына жерден шыға алмай қалады. Күніне 3-4 аяқ киім ауыстырамыз. Үйден шығады, біраз жүреді де батады да қалады. Мұнда жедел жәрдем көлігі де келмейді. Ауырсаң жағдай қиын. Қамыржан ӘЛЕНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Жақын күнде немереміз аяқастынан соқыршек болды ма, оны өзіміз білмейміз, скорый шақырттық. Скорый шақырсақ олар айтады, «қай жерде» деп. Уже бізді біліп алған, 33 болса жолға шығарып тұрыңыздар дейді. Не скорый шыға алмайды. Ақыры жолға алып шықтық, скорый мына жерде тығылып қалды. Больницаға өзіміз алып бардық. Халықты ашындырған екінші мәселе- ауыз судың жоқтығы. Үйді үйге келіп тұрмағандықтан, кейде көрші-қолаңның мал-жаны қосылып, үш-төрт отбасы бір құбырдан су ішетін кездері жиі болады екен. Әсем БЕЙСЕҚАН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Міне, басына барса аяғына жетпейді. Ана үйге тартса, мына үйге тартпайды. Өз күшімізбен ақша төлеп, ана үй, мына үйге тарттырып алғанбыз ол суды. Ауыл әкімінің орынбасары қазір мұнда 40 шақты ғана үй барын, жол мен су мәселесін шешу үшін тұрғындар бұл жердің кем дегенде 50 пайызын толтыру керек дейді. Және жол салынуы үшін бірінші су тартылуы қажет, ал су құбырын жүргізуге сметалық құжаттар ауданға жолданған. Бейбіт ҚОЖАНБАЙҰЛЫ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:Қазіргі таңда 1 мдрд 200 млн-ға жуық ұсынысымыз былтырғы бюджетке кірмей қалған мәселелерді осы наурыз айының аяғы, сәуір айының басындағы мәслихат сессиясына ұсынатын боламыз. Қаражат бөлінсе, мәселе шешіледі. Жауаптының жауабы - осы. Ал тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
UFC чемпиондығы үшін Рахмонов - Мухаммад жекпе-жегінің күні белгіленді
Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, мәңгілік аруаққа айналам! – Мұхтар Мағауин (ВИДЕО)
Астанада, Алматыда және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды