Алматы облысы маңындағы саяжайда жарық сығырайып тұр

Алматы облысы маңындағы саяжайда жарық сығырайып жанады. Оның үстіне жиі өшеді. Ал электр қуатының бағасы аспандап кеткен. Тұрғындардың шағым айтып бармаған жері қалмапты. Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ: Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан "Ақжол" саяжайында 600-ден аса отбасы тұрады. Тұрғындардың айтуынша, мұнда жарық сағат сайын сөнеді. Жеке кәсіпкерге ақша төлеп шаршадық деген тұрғындар тез арада саяжайдың ауыл статусына өткенін қалайды. Жарық бағасы қымбат, ал, сапасы төмен. Ең болмаса ақымызға сай сапалы жарық беруін сұраймыз деген тұрғындардың саяжай басшысына өкпелері қара қазандай. Райхан АҚЫЛБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Егерде осы светті біз сонша қымбат тарифпенен халық қалтасынан төлеп жатқаны ақиқатты дүние болғаннан кейін, біз соның сапалы түрде ол мақұл төледі жеке тұлғаға төлеп отырмыз, бірақ сол халықтың өзінің көңілінен шығатындай сапалы түрде жасаса, светтің сөнбеуін қадағаласа, сөнсе дереу не үшін сөніп тұр? ал тариф неге жоғары? осыны бізге айтса Қайрат РАЙСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Сол халықтың жан айқайы қазір тезірек ауыл статусына өтіп, жағдайымызды мынау ауыл акиматы бәрі қолдарына алса екен деген біздің жан айқайымыз осы бізде Жеке кәсіпкер жарықтың жиі өшетінін мойындап отыр. Қуаты төмен. Сондықтан сығырайып жанады. Ақау шыққан кезде тұрғындарға уақытылы ескертіп отырмын деп ақталды. Азамат МӘЛІКҰЛЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Жарықтың сапасы төмен, оны мен мойындаймын алып отырсамда, потому что мына десяткіден келетін мощность өте аз, кейде аз , кейде көп болып кетеді.Енді мен оны білмеймін ғой, біз алып отырғаннан кейін потребитель ретінде ештене айта алмаймыз. Ал Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімдігі жұмыс жасалып жатқанын айтып, халықтың күте тұруын сұрады. Жасұлан ОҢАЛБАЕВ, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ақжол саяжай тұрғындарымен кездесу өткізген болатынбыз, қазір Ақжол саяжайы сол Көкқайнар елдімекенінің шекарасының ішіне кіргізу жұмыстары жүрізіліп жатыр. Алдағы уақытта елдімекен шекарасының ішіне кіргеннен кейін алдағы уақытта жаңағы электр жарығы, су мәселесі басқа да тұрғылықты өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осылайша саяжай тұрғындарының мәселесі ауыл шекарасына кіргеннен кейін шешілмек. Оған дейін күтуден басқа амалдары жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нұрбол Жұмасқалиев дебютін сәтті өткізді
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Әділет Қабылов. Қазақ әдебиетінің досы (жазушы, аудармашы Анатолий Ким 85 жаста)
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Әділет Қабылов. Қазақ әдебиетінің досы (жазушы, аудармашы Анатолий Ким 85 жаста)
Satbayev University-інде запастағы сержанттар Отанына адал болуға ант берді
Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы бірнеше рет зорлаған
Ертең Астанада тағы бір жол учаскесі жабылады
Қытайда су тасқынынан 51 мыңнан астам адам зардап шекті
Құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
Еуропа чемпионаты: Испания құрамасы Хорватияны жеңді
Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарды
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды
Қарағанды облысында бірнеше медицина мекемесі ашылды
Атырау облысындағы тасжолда жасырын камера қойылған полиция көлігі көзге түсті
Әйгілі промоутер Әлімханұлының кімдермен жұдырықтасатынын айтты
Өскемендік әйел саусағынан сақинаны шеше алмай, әбден қиналған
Ұлттық ұлан сарбазы судан шыға алмаған жасөспірімді құтқарып қалды
Құтқарушылар Алакөлде 3 жас жігітті құтқарды
Құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр
Астанада әкелер мен балалар үшін қызықты сайыс өтті
Павлодарда төрт адам құймақтан уланып қалды