Алматы облысында 15 млн-ға мектеп сатылған ауданның архиві өртенді

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы АХАЖ және мұрағат ғимараттарында ірі өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі."8 маусым күні сағат 14.51-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында Өміралиев көшесі бойындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін әкімшілік ғимараттың (АХАЖ) өрттің мұрағат ғимаратына, жеке тұрғын үйдің шатырына, жеке тұрғын үйдің аумағындағы шатырға және 418 шаршы метр аумақтағы тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық құрылыстарға жеткені анықталды", - деп мәлім етті Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі. Өрттің бірнеше нысандарға таралуына өрттің шығуы туралы кеш хабарлануы себеп болған. "Хабарламадан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта келген. Соған қарамастан өрт сөндіруші бірінші бөлім келген кезде өрттің ауданы алдын-ала 300-400 шаршы метрді құрады. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен өрт орнына дейінгі қашықтық 3 шақырымды құрайды. Ең жақын өртке қарсы сумен жабдықтау (өрт гидранты) объектілерден 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, қабылданған шаралар өрттің жақын маңдағы сәулет ғимараттарына, дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді", - делінген баспасөз мәліметінде. Өрттен зардап шеккендер жоқ екені белгілі болды. "Өрт 16.17-де оқшауланып, 17.31-де жойылды. Қазіргі таңда шығу себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынақ зертханасы жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері мен 11 техникасы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылған", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткені туралы мәлімдеген болатын. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселенің анықталып жатқанын айтқан еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өмірдің мәні неде?
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады