Алматы облысында 28 адам эвакуацияланды

Алматы облысында бөгеттің бұзылу салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.31 наурыз сағат 13:00-де жағдай тұрақталды, су деңгейі төмендеп келеді. Қараой ауылындағы «Утянки» көлінен 150 мың текше метр су жіберілді, қазір 5 текше метр су келіп жатыр. Бөгеттен 6,2 текше метр су жіберілді. Ауылдарға су кірген жоқ. Түнде қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Байкент ауылынан 28 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мектепте оларға ыстық тамақ, жатын орын және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілді. 31 наурыз түскі сағат 12.00-де эвакуацияланған адамдар туыстарына кетті. Әкімдік тарапынан оқиға орнында жұмыс істеп жатқан әскерилер мен басқа да қызметкерлерге ыстық тамақтар таратылды. Бөгеттің бұзылу себебі толық жойылғанша, учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады, - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Алматы облысы ТЖД-ның мәліметіше, ТЖД, ПД, ЖАО қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарда аулаларды аралап, халықты хабардар етті. Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда адамдар Қараой ауылындағы № 49 және № 18 орта мектептеріне эвакуацияланатын болады. Ол жерде 250 орын дайындалды, эвакуациялау үшін 2 бірлік автобус техникасы, 7 вахтовка дайындалды. Жайнақ ауылы – Байсейіт ауылы, Қараой ауылы – Н.Тілендиев ауылы автожолы бойындағы облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды. Тартылған күштер және құралдармен 250 тонна инертті материал, 3 000 қапшықпен жағаны нығайту және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік техникамен бөгет саңылауын бетон конструкциялары, топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайды жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237, 2466 әскери бөлімдері, РЖҚЖ, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер мен 70-ке жуық техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғафуржан Сүйімбаев «Ертіске» келді
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)