Алматы облысында 48 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті ескертті,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Әсіресе, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында ақ ұлпаның көшу қаупі жоғары. Бұған негізінен ауа температурасының төмендеуі себеп. Сондықтан ведомства тұрғындар мен қонақтарға 17 және 21ақпан аралығында тауға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.