Алматы облысында 50-ге жуық отбасы баспаналы болды

Алматы облысында 50-ге жуық отбасы “Алатау Жастары” бағдарламасы арқылы баспаналы болды. Осыған орай өңірде алғаш рет ауқымды “Отбасы Фест” мерекелік іс-шарасы өтті. Концерттік бағдарлама “Отбасы банк” және де өзге мердігерлердің қолдауымен ұйымдастырылды.“Алатау Жастары” былтыр іске қосылған жас мамандарға арналған бағдарлама. Биыл бұл жобаның алғашқы салымшылары баспаналы болды. Шара барысында жастарға салтанатты түрде кілт табысталды. Мақпал ДҮЙСЕБАЕВА, ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен үш жыл бойы ақша жинадым, счетқа, депозитке. Сол жинаған ақшаға қосып және мемлекеттің бағдарлама бойынша берген ақшасы бар, сонымен үйлі болдық. Аллаға шүкір. Біздің бірінші баспанамыз. Ең бірінші біздің мемлекетімізге, екіншіден осы Отбасы банкінің қызметкерлеріне осындай мүмкіндік беріп жатқанына үлкен алғысымды білдіремін. “Алатау Жастыры” барлық өңілер бойынша жастарға баспана алуға жәрдемдесетін жаңа жоба. Биыл Алматы облысында бағдарлама бойынша 50-ге жуық отбасыға үй берілді. Әлфия ХАСАНОВА, “ОТБАСЫ БАНК” АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі біздің іс-шара, өзіңіз білетіндей 31-қазан күні халықаралық жинақтау күні, соған орай. Жергілікті органдармен, әкімшілікпен келісімге отырған, жергілікті бағдарлама. Облыс бойынша жас мамандарға льготтық пайызбен несие беру жөнінде. Бастапқы жарна бұл жерде 10%. Іс-шараның екінші бөлігі мерекелік концертке ұласты. Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін еліміздің танымал жұлдыздары өнер көрсетті. “Отбасы Фесттің мақсаты — жастарды жігерлендіріп, отбасылық құндылықты дәріптеу”-деп бөлісті ұйымдастырушылар. Данияр ӘЛИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ АРХИВТЕР-ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы бір игі іс-шараның мәні де, мағынасы да өте зор. Ең бастысы шынымен, Отан отбасыдан басталады дейді ғой, отбасыдағы береке, отбасыдағы құндылық, отбасының бір шайқалмайтын шаңырақтың пайда болуы, ауызбірлік, өзінің жеріне деген, бір-біріне деген құрметтің негізінде туындайды. “Алатау Жастары” бағдарламасы келесі жылы да жалғасын тауып, жастардың баспаналы болуына септеспек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді