Алматы облысында алты жасар бала ешкі сүтін өндіретін фермадағы резервуарға батып кетті

Алматы облысы Кемертоған ауылында ешкі сүті өндірілетін жергілікті шаруа қожалығында алты жасар бала резервуарға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv-ға сілтеме жасап.Ауыл тұрғындарының айтуынша, алып кәсіп нысаны кәріз суын ауылға төгіп, малдың ішек-қарнын қалай болса, солай тастай береді екен."Қоршау сенімсіз болғандықтан, бала сонда өтіп, суға батып кеткен. Ол жерде үлкен резервуарлар бар. Бала 6 жаста еді, қайтыс болды.(...) Терезені ашсаң өліктің иісі шығады. Әртүрлі ауру шығады. Көшіп кете алмаймыз, бес баламды шырылдатып, қайда барамын? Малдың қи-тезегіне батып, кішкентай сәби қайтыс болған. Бұл кісілер өліктен де қорыққан жоқ", - деді Кемертоған ауылының тұрғыны Жұлдыз Әкімбаева.Халық бұл мәселені жергілікті әкімдікке айта-айта шаршаған көрінеді. Өтірік уәдеден әбден көңілі қалған. Талабымыз тыңдалмады деген тұрғындар қаңылтыр қоршаудың арғы жағында ферманың кәріз суын төгетін терең шұңқыры бар деп отыр. Олардың сөзінше, фермадан шыққан қоқысты осында және ауылдың шетіне төгіп кетеді. Сәйкесінше ит-құс ауылға тасып, ауру боламыз ба деп қорқады.Almaty.tv журналистері кәріз су ағатын жерге барып, әуеден де түсіріп алған. Қоршаудың ішінде демесеңіз, шұңқырдың аузы ашық жатыр. Бетінде қауіпсіздік қақпағы да, белгісі де жоқ. "Иә, сотқа беріңіздер. Мен сіздерді көшіріп жібере алмаймын. Қалай жер сатып алғандарыңызды анықтайық. Шыны керек, біз шешім қабылдамаймыз. Әкім жиналыста. Енді әрбір адамның арызын қабылдаймыз", - деді Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Әркен Кенжебай.Тұрғындар учаскелік полицияны шақырып, ешкі фермасына арызын жазды, бірақ шаруашылық қожайыны халық алдына сол күйі келмеген.Аталған мекемеге тұрғындардан 2021-2022 жылдары шағым түскен. Сол бойынша тексеріс те жүріпті."Ауаның құрамындағы аммиакқа, күкіртсутегіне зертханалық тексеру жүргізді. Хаттама нәтижелері бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін көрсеткіштер анықталған жоқ. Ары қарай өз тараптарынан қарау үшін өтініш аудандық ветеринарлық станцияға және инспекцияға жөнелтілді", - деді Қарасай аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты