Алматы облысында 3 шілде күні аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. "Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады", – деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт қаупі де жоғары.Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус ыстық болады. Синоптиктер Батыс Қазақстан облысында да аптап ыстық болатынын ескертті.