Алматы облысында ауданаралық соттың судьясы 4 жылға сотталды

Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Осы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды. Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан. А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды», - деп жазылған хабарламада. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді