Жетпістен аса жобаға 1 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға арналған бастама Алматы облысында жалғасады. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданында өткен «Ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі» атты Азаматтық форумда айтылды. Еңбекшіказақ ауданының Жергілікті қоғамдастық қорының Агробизнес орталығы 70-тен аса жобаларды іске асырып, өңірдің дамуына 1 млрдтан астам инвестиция тартқан. Форумның негізгі мақсаты - ауылдағы кәсіпкерліктің дамыту, бизнестегі әйелдердің үлесін арттыру. Бақытгүл ЕЛШІБАЕВА, ҚОРДЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз бұл жерде ауылдық адамдардың өмір сүру жүйесін, өмір сүру деңгейін жоғарлатумен айналысып келеміз. Оларға жаңа бизнестердің көзін ашуға үйретеміз, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуға үйретеміз. Және біз ауылды тұратын әйелдердің қозғалысын алға басуға, әйелдердің іскерлігін, белсенділігін арттыруға өз үлесімізді қосып келеміз. Осы жобаның арқасында біз облысымыздың 9 ауданында 300-ден астам әйелдерді инновациялық жоба деген не оны ауылды жерлерде қалай дамытуға болады деген тақырыпта жоба бастағалы отырмыз. Шараның екінші бөлігі Түрген ауылында өтті. Қатысушылар пікірталас алаңында өз жобаларын таныстырды. Әр аудан өзіне тән ерекшелікті ескеріп, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды. Бану НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Азаматтық альянс деген үлкен ұйым, 5000-нан астам түр-түрлі үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Бәрімізде ауылдан шықтық. Ауыл дамымай ешқашанда мемлекет мықты болмайды. Бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме жүргіземіз, бәрінің пікірлерін естиміз, сонан кейін ұсыныстар береді. Сол ұсыныстарды біз әлі де жинап жатырмыз республика көлемінде де беріп жатыр. Қалай ауылды көтеру керек, дамыту керек. Үшінші кезең үлкен Қазақстанның азаматтық форумы. Қазан айында өтетін. Сол жерде осы ұсыныстар жоспар ретінде шығып, үкімет осыны қолға алады. Алматы облысында жергілікті халықтың 85% ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауданның қарқынды дамуы үшін ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту маңызды.