Алматы облысында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жолаушылар автобусы жанып кетті.Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қараша күні сағат 16:29-да болған. «Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадасы жіберілді», - деп атап өтті ведомстводан. Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. «Өрт жарты сағатта толық сөндірілді. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды»,- деп қосты департаменттен.