Әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам 4 баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсінік берді.Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байланғанын көргені айтылады.Зардап шеккендердің сөзінше, Бақытжан есімді ер адам үйге басып кірген. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Күдікті тұлға анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылдануда. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімше мен өңірлік полиция органдары бағдарланды», - деді Бауыржан Әленов.