Алматы облысында “Бірлік" халықаралық лагері өтті

Алматы облысында алғаш рет “Бірлік" халықаралық лагері ашылды. Биыл лагерь 10-рет ұйымдастырылып отыр. Оған Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. "Бірлік" халықаралық лагеріне 70-тен астам жас жиналып, түрлі тренинг пен шеберлік сағаттарына қатысты. Мақсат-жастардың достық байланысын жетілдіріп, мәдени құндылықтарды бойына сіңіруге жәрдемдесу. Ғалым ШОЙКИН, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Олар өз саласының мамандары деуге болады,өзінің этнос өкілдерінің ішінде беделі бар азаматтар. Сондықтан біздің мақсатымыз жаңағы жастарды тарта отырып, олардың жұмысын әрі қарай ілгерілету, дамыту әсіресе осы мына бірлік, азаматтық, бірегейлік сондай жақсы құндылықтарды дамыту және олардың осы жұмыстарында біздің өзіміздің бағыттарымызды береміз. Биылғы форумның ерекшелігі- лагерьге Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан қандас бауырлар шақырылды. Туған жерге табан тіреген олар ұйымдастырушыларға ыстық лебіздерін білдірді. Наргиза СЕРІКОВА, "БІРЛІК" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАГЕРІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Қазір студентпін, қазақ тілі және әдебиет мамандығында оқимын. Өзім Өзбекстанда болсам да, сол жерде де өзіміздің тілімізде, біздің өзіміздің болашақ ұрпақтарымызды өз ана тілімізде тәрбиелеуге көптеген мүмкіндіктер жаратылған. Қазақстанға бұл менің 3-ші рет оралуым, бұдан кейін де көбірек келуді қалаймыз. Бізде жан-жақтан келген қазақ жастары бар, және менің ең қуанғаным барлығы өз ана тілдерін ұмытпаған, еркін сөйлер жатыр. Бірлік халқаралық лагері 4 күнге жоспарланған. «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту», «Қазақстанның мәдени брендін ілгерілету» тақырыптары бойынша отырыстар мен пікірталас өтті. «Форумнан алған ақпарат пен білімді өз өңірлерімізге барып, әрі қарай жетілдіріп, жастарға таратамыз»-дейді қатысушылар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды