Алматы облысында бүлдіршін қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Өзі ғана емес, күдіктінің әйелі де қамауға алынған. Сұмдық жағдай Бақанас ауылында болған. Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасының сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны туралы айтып, шағымданған. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленуші қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Сараптамалық тексерулер тағайындау мен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Істі тергеу облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында. ҚР ҚПК 201- бабының негізінде тергеу мүддесіне сай сотқа дейінге тергеп - тексурдің өзге де деректері жария етуге жатпайды.