Алматы облысында екі күн күйеуінен зорлық көрген әйел өзіне өзі қол салған

Соңғы үш күнде 2 әйел күйеуінен қорлық көріп, өзіне-өзі қол салған. Бір күнде 9 әйелден шағым түскен. Отбасылық жанжал жиілеп тұр дейді мамандар. Балаларға жасалатын әлімжеттік де көбейген. Толығырақ тілшіміз Асел Дүкембаева тарқатады. Әлеуметтік желіні ашсаң, күнде бір оқиға. Ал бұл жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Алматы облысында жаңа жыл кешінде ер адам 5 баласының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан. Екі күн бойы таяқ жеген келіншек өзіне-өзі қол салмақшы болды. Артына хат жазып қалдырған. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Әпкесінің айтуынша, қазір ауруханада. БАҒДАГҮЛ: Қазіргі жағдайы орташа ауыр деп айтты. Қазір ауруханадан келіп отырмыз. Бұрын болып тұрады екен. Бірақ бізге айтпаған, бір-екі рет айтқан, мән бермегенбіз ғой. Күйеуі бостандықта деді. Бүгін ауруханаға барған едік, меңгерушісі айтып жатыр, күйеуі оның мазасын алып жатыр деп. Өзінің сөйлеуге мұршасы жоқ. Зорлық-зомбылық көрген әйелдер дағдарыс орталықтарында бас сауғалауға мәжбүр. Орталық директорының сөзінше, 6 күннің ішінде 15-ке жуық әйел хабарласып, көмек сұраған. Анна РЫЛЬ, "ҚОРҒАУ - АСТАНА" ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орталыққа шамамен жылына 400-ге жуық әйел келеді. Жыл басталғалы 15-ке жуық әйел хабарласты. Олардың барлығы алғашқы көмек алғанша, жағдайлары реттелгенше орталықта болады. Жалпы өз тәжірибемде 17 жасында өз еркінен тыс тұрмыс құрып, артынша 4 баласымен осында келген әйелді көрдім. Оның өзінде, күйеуі басын жарып тастаған соң ғана келді. Құзырлылардың айтуынша, елдегі тұрмыстық зорлықтың 70 пайызы ішімдік ішудің салдарынан болады. Гүлмира ШРАХМЕТОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Отбасылық құқықбұзушылықтар үшін 20 тәулікке дейін жауапкершілік көзделген болатын. Баптың нормасында 5 тәулікке шейін деген норма көрсетілген. Судья шешеді оны, 1 тәулік бере ме, 2 тәулік бере ме құзырындағы дүние болатын. Ал біз көрсетіп отырған нормада 5 тәулік. Яғни, 5 тәулік отырған адам қандай да бір шешім шығарады, ой түйеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында әйелдерге қарсы тұр¬мыстық зорлық-зомбылық үшін жа¬за¬ны қатаңдатуды тапсырған болатын. Мамандар да әйелдерге күнделікті қайталанатын зорлық-зомбылыққа шыдап отырмай, құзырлы органдарға шағымдануға кеңес береді. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
“Ақпан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, Жаңаөзен оқиғасы“. Жылан жылы әр жылдары қандай оқиғалармен есте қалған?
Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр