Алматы облысында «Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы» атты іс-тәжірибе тарату ашық есік күні өтті

Бүгін Алматы облысында «Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы» атты іс-тәжірибе тарату ашық есік күні өтті. Негізгі мақсат - қазіргі ұрпақты түрлі бағыттары бойынша дамытудың методикалық тиімді әдістерімен бөлісу. Шараны ұйымдастырушы- Еңбекшіқазақ ауданындағы Абылай хан атындағы №4 орта мектеп ұстаздары. Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы дайындаған жобаларын таныстырды. Жасыратыны жоқ, интернет өмірімізге дендеп енді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Дегенмен, зияны да жоқ емес. Сондай-ақ, шараға қатысушылар ұстаздардың сабақ берудегі интернет платформаларын пайдалану әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Гүлжихан ИМАНХАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Міне, біздің осы Zeta ұрпақтар – нағыз белсенді ұрпақтар. 100 жыл өмір сүретін дейді бұларды. Биоақпараттандыру технологиясымен толығымен қамтамасыз етілген, индиго балаларымыз болашақта өте білімді болуы керек, жан-жақты болуы керек. Өздерінің осы ойларымен мықты маман болуда бағыттауда міне, бүгінгі іс-тәжірибе тарату ашық-есік күні керемет бір жағымды жақтарын береді деп ойлаймын. 14 пән бойынша ашық сабақ өткізілді. Соның бірі, 50 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі -Күлману Баймолдина. Ол білім алуда интернетті қолданып жүрген қазіргі шәкірттер өте жан-жақты дейді. Күлману БАЙМОЛДИНА, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Менің қолданатын платформам -«Кюзес» платформасы. Себебі мен 10-11 сыныптарды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаймын. Бұл платформаның тиімділігі барлық тақырыптар бойынша тесттар да бар, өзің де тесттар жасап кіргізе аласың. Осы платформалар арқылы бүгінгі келген қонақтарыма өз тәжірибеммен бөлісемін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды