Алматы мен Жаркент тас жолында полицейлер гранаталардың қоймасын тапты. Алматы облысының полиция департаментінің саперлары жасырын қоймадан жаяу әскерге қарсы бөлшектеу гранатасы Ф-1 және РГД-5-ті алып шықты.Алғашында қару-жарақ қоймасы туралы ақпаратты Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің жедел қызметкерлері алған. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұл ақпаратты Алматы облысының полициясына жеткізді. "Жаркент-Алматы тас жолының бойында жол белгісінің астынан оқ-дәрілер қоймасы табылды. Ашық жерде, тікелей жол белгісінің астынан гранаталар қоймасы табылды", - деп хабарлады Қылмыстық іздестіру департаменті.