Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам көз жұмды. Сұмдық жағдай «Алматы-Астана» автожолының 225-ші шақырымында болған. «Тойота-Королла» маркалі автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалі темір тұлпармен соқтығысқан. Дерек ҚК-тің 345-бабы бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Дәурен ҚОЗЫБАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Оның біреу жас бала. Ауруханаға тағы 5 адам жеткізілді. Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарынан жолда абай болып, ережелерді қатаң сақтауларын сұраймыз.