Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жолдың шетіне шығып кеткен көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Құлжа трактінде болған. №203 жолаушылар автобусының айналасында аң-таң болған балалар мен ересектер байқалады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Алматы облысының Полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы 26 маусымда «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолының 24 шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен. Жол-көлік оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.