Алматы облысында жылан шаққан тоғыз жасар бала ауруханада көз жұмды

Алматы облысына қарасты Кеген ауылында тоғыз жасар баланы жылан шаққан. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 27 маусымда сағат 13-35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр халде түскен. "Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу жасалды. Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен және Алматы қаласының токсиколог дәрігерінің қатысуымен консилиум өткізіліп, онлайн кеңес жасалды", – деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Zakon.kz жолдаған сауалға. Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, аудандық ауруханаға Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы барған, республикалық денгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілген. "Жансақтау бөлімінде науқасқа клиникалық хаттамаға сай емдік шаралары толық жасалды. Бірақ, интенсивті реанимациялық комектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 2023 жылы 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді",-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Айта кетерлігі, ауыл тұрғындарының сөзінше, осыдан бірнеше күн бұрын осы ауданда тағы бір адам жылан уынан қайтыс болған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды