Алматы облысында «Көкөзек» қосалқы станциясы өндіріске енгізілді

Алматы облысында «Көкөзек» қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл- өңір экономикасын дамыту үшін аса маңызды энергетикалық объект. Станция аудандағы тұрғын үй секторының мыңнан астам тұтынушысын сенімді және тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етеді. Қарасай ауданында «Көкөзек» қосалқы станциясын салу қажеттілігі бірқатар факторлардан туындады. Қосымша қуаттарды берудің шектеулі мүмкіндігі мәселесі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тежеп келген еді. Мұндағы қосалқы станциялар жоғары жүктеменің кесірінен жиі істен шығып, тұтынушылар, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау нысандары электр қуатынан таршылық көрген-ді. Осылайша мәселенің маңыздылығын түсінген билік өкілдері жаңа қосалқы станция салу туралы шешім қабылдады. Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Бұл подстанция негізі бірнеше жыл бұрын, 2016 жылдан бері жоспарланған. Бірақ біраз мәселелері шешілмеген. Оның ең күрделілелері - жер мәселесі. Сол мәселені шештік, әрі қарай жұмыстар жүріп кетті. Бұл өте маңызды жоба біздің облыс үшін, аудан үшін. Қарасай ауданы, Іле ауданы, кейін Жамбыл ауданының шаруашылықтары осыған қосылады. «Алатау Жарық Компаниясы» іске асырған жоба құны -2,73 млрд теңге. «Көкөзек» қосалқы станциясы аудан тұрғындарынан бөлек 346 шағын және орта бизнес субъектісін де электр энергиясымен жабдықтайды. Сонымен қатар өңірде қажетті әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салу мүмкіндігін кеңейтпек. Қайрат МАҚСҰТОВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бүгінде Көкөзек және Елтай ауылдарындағы әрқайсысы 1500 орындық 2 жайлы мектеппен техникалық шарт жасастық. Одан бөлек те әлеуметтік нысандар дами бастайды. Қосалқы станция аймақтағы өндіріс пен бизнесті дамытуға үлкен септігін тигізеді. Мамандар алдағы бір-екі жылда электр қуатына тапшылық қайта пайда болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан «Көкөзек» қосалқы станциясын болашақта кеңейту және модернизациялауды жоспарлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
Қазақ нокаутшы АҚШ-тағы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті
Елордадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Маятниктік миграция
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда
"Келешек" кемел бола ма?
Алатау ауданының Қарасу сквері тұрғындар серуендейтін орынға айналды
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Қазақстанда «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесін әзірленіп жатыр