Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушының жағдайы белгілі болды

Алматы облысында 6-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Оқиға Кеңдала ауылындағы «Бәйтерек-Талғар» тас жолында болды. Жеткіншек жолды арнайы белгіленген жерден кесіп өтпек болған. Алайда қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен автокөлік жүйткіп келіп, баланы қағып кетеді. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып үлгерген.Исламбек НҰРМАХАШЕВ, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Қызымызда қосарланған жарақат болды. Жабық бас ми жарақаты болды. Бас ми шайқалуы және де көптеген денесінде сырылған жарақаттар болды. Сол сирақ сүйектерінің ашық сынуы болды. Біз реанимация бөлімінде науқасқа алғашқы көмек көрсеттік. Кейін жасөспірім Алматы аумақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жол апатына кінәлі көлік тізгінінде он сегіз жастағы жігіт болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-ші бабының 2-ші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелді. Іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте шенеунік сотталды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды