Алматы облысында колония басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.ҚАЖ баспасөз қызметі 7 наурызда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты №57 мекеменің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жарияланбайды.