Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдай бойынша жұмыс тобы құрылғанын хабарлады, деп жазды Zakon.kz. Ведомство жағдай Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында екенін нақтылады. "Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды". Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Бұған қоса министрліктің баспасөз қызметі бір күн бұрын балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында балалар зорлық-зомбылығы мен суицидтің тиімді алдын алуға бағытталған Кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті. Осыдан бір күн бұрын, 11 қыркүйектеАлматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында оқушы бала артына хат жазып қалдырып, көп аспирин түйірін ішіп, төсекке жатып қалған. Ауыр халдегі баласының үстінен түскен анасы бірден жедел жәрдем шақырған. Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.