Алматы облысында түнгі уақытта үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 ақпан түнгі сағат 02:49-да Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққан. Өрт 68 шаршы метр аумақты шарпып, үйдің төбесі опырылып түскен. Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Барлау жұмыстары барыснда үй иесінің денесі табылды, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.