Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, 15 сәуірде сағат 20.30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Балқаш ауданы Тасмұрын асуы маңындағы Малайсары ауылының маңында 1962 жылғы әйелдің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ол таулы аймаққа күндіз туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге келген. Сағат 20.00-де әйел көлікке оралмаған.Әйелдің жақындары осыдан кейін бірден құтқарушыларға қоңырау шалған.Белгілі болғандай, іздестіру-құтқару жұмысына ТЖ департаментінен 10 қызметкер мен 2 техника, Республикалық-жедел-құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.Нәтижесінде 16 сәуір күні 06.50-де іздестіру тобы жоғалған адамды тапқан."Оған медициналық көмек қажет емес еді. Әйел адам құтқарушыларға уақытылы көрсеткен көмегі үшін зор алғысын білдірді", - делінген хабарламада.