Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы басталды. Науқан аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маңайы абаттандырылды. «Шарын» шатқалы -ұлттық табиғат ескерткіші. Көлемі -5014 гектар. Мұнда әлем бойынша полеоген дәуірінен бері табиғи күйінде сақталған, аталмыш паркте ғана тамыр жайған соғды ерен ағашы өседі. Ал мұндай ғажайып мекенді сақтау, тазалау біз үшін абыройлы міндет дейді өңір тұрғындары. Айдана БАТЫРХАНОВА, «ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ МАМАНЫ: Осы орайда «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, «Ерен» тоғайы республикалық маңызы бар табиға ескерткішінің аумағында Ұлттық парк қызметкерлерімен, мекеме қызметкерлерімен және аудан тұрғындарымен бірге бүгін тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аймақта тазалық әрдайым жүргізіледі. «Парктер шеруі» экологиялық акциясында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Жыл сайын 20-30 тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Әлімжан ХУСУРОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен аптада «Таза өлке» акциясы, апталығы бойынша жалпы 92 тонна күл-қоқыс шығарылды.137 шақырым арық-тоған тазаланды. Осы аптада республикалық маңызы бар «Шарын» ұлттық табиғи паркінің бүгінгі күнде акция қатысушылары, мәдениет қызметкерлері, жастар және ұлттық табиға парк қызметкерлері.. жалпы 5 шақырым жер, 70 адам қатысып жатыр, 5 шақырымды тазалау ісіне. Еркебұлан НҰРЖАҚОВ, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Шарын шатқалының ортасында Д.Қонаев атамыздың саябағы бар. Сол саябақтың жан-жақтарына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және осы жолдың айналасында 5-6 шақырым тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Акция қатысушылар «Қоршаған орта - Отанымыз баршамызға ортақ үй» дейді. Сондай-ақ олар парк қонақтары мен жүргізушілерге, барлық жолаушыларға қоқыстарды далаға тастамай табиғатты аялауға шақырады