Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы басталды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы басталды. Науқан аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маңайы абаттандырылды.  «Шарын» шатқалы -ұлттық табиғат ескерткіші. Көлемі -5014 гектар. Мұнда әлем бойынша полеоген дәуірінен бері табиғи күйінде сақталған, аталмыш паркте ғана тамыр жайған соғды ерен ағашы өседі. Ал мұндай ғажайып мекенді сақтау, тазалау біз үшін абыройлы міндет дейді өңір тұрғындары.  Айдана БАТЫРХАНОВА, «ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ МАМАНЫ: Осы орайда «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, «Ерен» тоғайы республикалық маңызы бар табиға ескерткішінің аумағында Ұлттық парк қызметкерлерімен, мекеме қызметкерлерімен және аудан тұрғындарымен бірге бүгін тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аймақта тазалық әрдайым жүргізіледі. «Парктер шеруі» экологиялық акциясында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Жыл сайын 20-30 тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Әлімжан ХУСУРОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Өткен аптада «Таза өлке» акциясы, апталығы бойынша жалпы 92 тонна күл-қоқыс шығарылды.137 шақырым арық-тоған тазаланды. Осы аптада республикалық маңызы бар «Шарын» ұлттық табиғи паркінің бүгінгі күнде акция қатысушылары, мәдениет қызметкерлері, жастар және ұлттық табиға парк қызметкерлері.. жалпы 5 шақырым жер, 70 адам қатысып жатыр, 5 шақырымды тазалау ісіне. Еркебұлан НҰРЖАҚОВ, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:  Шарын шатқалының ортасында Д.Қонаев атамыздың саябағы бар. Сол саябақтың жан-жақтарына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және осы жолдың айналасында 5-6 шақырым тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Акция қатысушылар «Қоршаған орта - Отанымыз баршамызға ортақ үй» дейді. Сондай-ақ олар парк қонақтары мен жүргізушілерге, барлық жолаушыларға қоқыстарды далаға тастамай табиғатты аялауға шақырады

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады