Алматы облысында топырақ көшкінінен екі тұрғын үй зардап шекті

Алматы облысындағы Бесағаш ауылының «Бурабай» қалашығында топырақ көшкіні жүрді. Салдарынан екі тұрғын үй зардап шегіп, тұрғындар эвакуацияланды. Әкімдік мұндай қауіпті жерде тұрғын үй салынуы заңсыз дейді. Әріптесім Әйкерім Пернебектің бейнематериалы.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Өздеріңіз көріп тұрғандай, менің артымда тұрған 10-15 метрге жуық жар екіге бөлініп, құлағалы тұр. Кеше бұл топырақ пен саз көшіп, бірнеше тұрғын үйдің қабырғасын тас талқан еткен. Назым МОЙДАПОВА, ТҰРҒЫН: Мына таулар құлап кете ме деп қорқамыз. Мына жолдары да жоқ. Қауіпті аймақ қой осы Бесағаш деген қорқамыз біз бұл жерден де. Осы жерін жасап берсе, қормыз содан үйлерді басып кете ме деп. Алдын ала болжам бойынша, екі тәулік бойы жауған қар мен жауын-шашыннан тік жар құлаған. Құм көшкінен бір үйдің терезесі сынып, ішкі бөлмелеріне топырақ пен саз кірген. Қатты соққыдан енді бір жеке тұрғын үйдің қабырғасына жарық түскен. Ернар ЖҮНІСОВ, БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Мынау апат 1-2 күннің жұмысы емес, 10 күн бола ма 15 бола ма. 500 таман үй бар. Негізі рұқсат жоқ, тауды кешуге болмайды. Бұл енді тас тау емес, бұл топырақ сары топырақ. Су тигенен кейін сағыз болады. Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Көшкіндерге тек ТЖМ ғана жауа бермейді, бұндай жағдайларға сол жерлерде үй салуға рұқсат беретін жергілікті билік өкілдері де жауапты болу керек. Салынған бетонды қабырға әрине 15 метрлік көшкіннен сақтап қала алмады. Дәл осындай жағдай 2017 жылы да орын алыпты. Қазіргі таңда мәселенің нақты себебі мен келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған