Алматы облысында туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Көлік ішінде 37 адам болған. Зардап шеккендер жақын маңдағы аудан ауруханаларына жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Автобус жүргізушісі Кеген – Жалағаш – Көлсай автожолының бесінші шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:25 жолаушы медицина қызметкерлеріне тексеріліп, 7-не ауруханаға жатқызбай көмек көрсетілді. Жүргізуші куәлігінен айрылған, көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге автокөлікті басқаруды, көлік құралын басқару құқығынан айрылған тұлғаға бергені үшін жолаушыларды тасымалдау ұйымының иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынды. Алмас ТІЛЕУЛИЕВ, КЕГЕН АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Бүгін сағат 11:35-те жол-көлік апаты салдарынан 25 науқас дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Оның ішінде Кеген аудандық ауруханасына 5 науқас, Еңбекшіқазақ ауданаралық ауруханасына 4 науқас, Жалағаш дәрігерлік амбулаториясына 16 науқас жеткізілген болатын. Барлық науқас дәрігерлік тексерілуден өткізіліп, жағдайларына қарай амбулаториялық емге жіберілді.